Қарағанды: апатқа ұшыраған тікұшаққа қатысты тексеру қорытындысы белгілі болды
Таяуда Қарағанды облысының Қарқаралы ұлттық бағы аумағында апатқа ұшыраған тікұшаққа қатысты арнаулы комиссияның тексеру қорытындысы белгілі болды. Мамандардың пікірінше, әуе апатына сол күні соққан боран себеп болған. Америкалық ұшу техникасы Қазақстан жазығындағы қатты желге жарамсыз болып шықты.
Автор: Данияр Мұратбаев
10.08.2009
Естеріңізде болса, шілденің 13-інде Қарқаралы ұлттық бағы аумағын тексеріп жүрген тікұшақ 100 метр биіктіктен құлаған. АҚШ-та құрастырылған “МД-600” әуе көлігінің бортындағы 4 адамның екеуі қазір дене жарақаттарымен ауруханада жатыр. Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, апат кезінде 127 метрге дейін сүйретілген тікұшақтың ебелегі мен оң жақ шаңғысы сынған. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінінің арнайы комиссиясы ұшқыштар мен ұшу техникасын қолдану ережесінен ешқандай олқылық тапқан жоқ. Қазір Қарқаралыда осы үлгідегі тағы бір тікұшақ бақылауға алынды. Ұшқыштарға көлік құлаған аймақта ұшуға тыйым салынған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!