{metadescription}
0:000:00
Петропавл: ойын бизнесімен астыртын айналысып келген үш нысан әшкереленді

Петропавл: ойын бизнесімен астыртын айналысып келген үш нысан әшкереленді

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары Петропавл орталығында ойын бизнесімен астыртын айналысып келген үш нысанды бір түнде әшкереледі. Интеллектуалдық және букмекерлік клубтардың атауын жамылған орындарда виртуалдық ақша қолма-қол ақшаға алмастырылып келген.

“Ойын бизнесі туралы” Заңға сәйкес, казино мен өзге де құмар ойын орындары еліміздің арнайы аймақтарында ғана рұқсат етілгені белгілі. Бірақ оңай олжадан бас тартқысы келмегендер алуан түрлі айла-әдісін тоқтатар емес. Петропавлдық үш кәсіпкер интеллектуалдық, букмекерлік және компьютерлік клубтар деген атаумен қала орталығында құмар ойындарға лайықталған бірнеше нысан ашқан. Айлалы жүйе бойынша, клубқа келген клиенттің кассаға өткізген ақшасы компьютерлік бағдарламадағы виртуалдық шотқа салынып отырған. Клиент ойын барысында ұтысқа ие болса, оның виртуалдық ақшасын кассир қолма-қол ақшамен қайтарып, ал ұтылған жағдайда ақша клуб кассасында қалып отырған. Айта кету керек, бұл нысандар тек тұрақты клиенттерге ғана қызмет көрсетіп келген. Олардың заңсыз әрекетін дәлелдеу үшін тәртіп сақшылары біраз уақыт бойы клубқа клиент ретінде келуге мәжбүр болды. Заңсыз ойынханалар осылай әшкереленді. Әйтсе де, олардың қожайындары осы уақытқа дейін жауапқа тартылмай отыр.

Спартак Қабденов, СҚО ІІД баспасөз қызметінің аға инспекторы:

- Компьютерлік залдың операторлары клуб қожайынының есімін атамаған. Олардың кім екендігін қазір полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Клубта болған заттардың бәрі тәркіленіп, клуб жабылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде