{metadescription}
0:000:00
Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың екі белді мүшесі ұсталды

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың екі белді мүшесі ұсталды

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың екі белді мүшесі ұсталды. Оңтүстік аймақтық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы жүргізген жедел іздестіру шарасының нәтижесі осындай. Ұсталғандардың бірі атышулы “Айшуақ-Жантүгел”, екіншісі –“Атаба” қылмыстық тобына мүше.

“Айшуақ Жантүгел” қылмыстық тобының жетекшісі Құрман Айшуақ есімді азамат осылайша құрықталды. Таңғы сағат төртте оның Алматы сыртындағы “Ерменсай” ауылындағы жалдамалы үйіне жедел-іздестіру тобы жетті. Тінту кезінде үйінен рұқсат қағазы жоқ оқталмаған 2 тапанша табылса, Айшуақтың қалтасынан 3 грамм героин шықты.

Валерий Козлов, Алматы қаласы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы:

- Ол қарсыластық көрсетіп үлгермеді. Өйткені, ол үйінде жалғыз болды. Ал оққағарлары үйлеріне қайтып кеткен екен.

Қазақтың қылмыс әлемі небір есімдерге толы. Мәселен, күні кеше ғана “Тигренок” деген лақап атпен белгілі Ермек Әбішев те ұсталды. Бұл жігіт атышулы “Атаба” қылмыстық тобына мүше. Оның қалтасында табылған 3,5 грамм героинді былай қойғанда, ұсталған кезде Әбішевтің өзінің есірткіден басы айналып тұрды.

Қайрат Алтаев, ҚР ІІМ оңтүстік аймақтық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы:

- Азамат - Әбішев аса үлкен көлемдегі есірткі затын сақтағаны үшін Қылмыстық кодексінің 259-бабының екінші бөлімі бойынша жауапқа тартылмақ.

Жыл басынан бері бірқатар қылмыстық топтардың мүшелері қамауға алынды. Араларында тек Қазақстан емес, бүкіл ТМД-ға аты шыққан қылмыскер “Серік Голова” да бар. Қазір Айшуақ Құрман мен “Тигренок” та уақытша оқшаулау изоляторында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде