{metadescription}
Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің бұрынғы төрағасы А. Исағалиевке халықаралық іздеу жарияланды
Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Асқар Исағалиевке халықаралық іздеу жарияланды. Асқар Қалидолдаұлы аталған комитеттің төрағалығына осыдан бір жыл бұрын тағайындалған болатын. Министрлікке қарасты тергеу комитетінің мәліметінше, қазір оған «лауазымын асыра пайдаланды» деген айып тағылып отыр. Айып сырттай тағылды. Өйткені Исағалиевтің дәл қазір қайда екені белгісіз.
10.08.2009
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!