Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы әлем чемпионы атанған Кастер Семеняны арнайы тестен өткізіп жатыр
Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы 800 метрге жүгіруден әлем чемпионы атанған Кастер Семеняны арнайы тестен өткізіп жатыр.
Автор: Телжан Күдеров
20.08.2009
Тексеру ОАР-да және Германияда өткізілген. Аталған федерацияның бас хатшысы Пьер Вайс спортшының адалдығына күмәнмен қарайтынын, дегенмен жеңімпаздарды марапаттау рәсімін нақты қорытынды шыққанша тоқтатпайтынын мәлімдеді.
Пьер Вайс, Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы:
- Біздің қолымызда әлем чемпионының жынысы туралы нақты дерек жоқ, сондықтан 800 метрге жүгіруден үздік шыққан ол, өз орнын сақтап тұра береді.
Сондай-ақ, федерацияның бас хатшысы: “Спортшының сырт келбетіне қарауға болмайды, себебі, мен де өзіме қарасам, ішімде 6 айлық бала бар сияқты”- деп, даулы мәселенінің артын күлкіге айналдырып жіберді. Айта кетейік, тест қорытындысы ертең белгілі болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!