{metadescription}
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында бұрын-соңды болып көрмеген дау шықты
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында бұрын-соңды болып көрмеген дау шықты

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында бұрын-соңды болып көрмеген дау шықты

Жеңіл атлетикадан Германия астанасы Берлинде өтіп жатқан әлем чемпионатында бұрын-соңды болып көрмеген дау шықты. Оған қатысып жүрген журналистер мен спортшылар Оңтүстік Африка Республикасының жүйрігі Кастер Семеняны әйел емес, еркек деп айыптап отыр. Сондай-ақ, Кастердің әйел екеніне халықаралық Жеңіл атлетика федерациясы да күмәнмен қарайды. Тіпті олар спортшыны арнайы тексеруден өтуге мәжбүрлеуде. 800 метрлік жарыс жолында алдына жан салмаған Семеня еркек болып шықса, әлем чемпионы атағынан айырып қана қоймай, темір торға да қамалуы мүмкін.

800 метрге жүгіруден қыздар арасындағы бәсекеде Оңтүстік Африка Республикасының өкілі, 18 жастағы Кастер Семеня осы маусымдағы үздік көрсеткішке қол жеткізді. Қызық болғанда, ол былтырғы чемпионатты 2 минут 04 секудттық ең нашар көрсеткішпен аяқтаған болатын. Бүгінгі жарыс жолын сүзгіден өткізген мамандар Оңтүстік Африкадан келген қыз 1983 жылғы Ярмил Кратохвиловая қойған рекордқа санаулы секунд жетпей қалғанын айтады. Дегенмен жарыс жеңімпазы мәре сызығын 1,90 минутта қиып өтіп, өзінің соңғы жетістігінен 1 секунд ерте келді. Ал ерлер арасында метан табақшасын тақтыру додасы да ең қызықты жеріне келген сыңайлы. Поляк Петр Малаховский құлаштап лақтырудан 69 метр 15 сантиметрлік көрсеткішке қол жеткізіп, үздіктер қатарынан көрінген болатын. Дегенмен алаң иесі Роберт Хартинг ең соңғы мүмкіндігінде аталған қашықтықтан 28 сантиметрге асып, алтын медальді жеңіп алды. Сондай-ақ, әйелдер арасында кедергі арқылы қысқа қашықтыққа жүгіруден Олимпиада чемпионы Доун Харпер мен Бейжіңде күміс алқа тағынған Салли Маклиллан үздік үштікке де іліне алмады. Керісінше, бұл жарыста биылғы маусым ямайкалық желаяқ Бриджит Фостер-Хилтон жеңімпаз атанды. Бұдан басқа, он түрлі сайыстың 5-ші кезіңінде тосыннан украиналық Алексей Касьянов топ жарды. Ал еліміздің жалғыз үміткері - Дмитрий Карпов, тек 18-орыннан көрінді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.