Ауғанстан: Президенттік сайлау қақтығыстарға ұласуда
Ауғанстанда басталған президенттік сайлау қақтығыстарға ұласуда.
Автор: Дина Төлепбергенова
20.08.2009
Содырлар ел астанасындағы дауыс беру орталығының бірін жаулап алып, тәртіп сақшыларына қарсы оқ жаудырған. Таңертеңнен бері Кабулде 7 жарылыс орын алды. Бірқатар қалалар зымыранмен атқыланған. Ауғанстан ІІМ-нің мәліметтеріне қарағанда, бей-берекетсіздікті ұйымдастырып жатқан – “Талибан” қозғалысы. Атыс-шабыс салдарынан қанша адамның жапа шеккені белгісіз. Дауыс берушілерді дүрліктірмеу үшін Үкімет аталған ақпаратты жария етуден бас тартып отыр. Әйтсек те, бақылаушылар тұрғындардың саяси белсенділігінің тым төмен екенін мәлімдеуде. Президенттікке 34 кандидат үмітті. Олардың арасында елдің қазіргі Президенті Хамид Карзай бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары