Елімізде заңсыз жұмыс істеп келген жүзге тарта ойынхана әшкереленді
Елімізде заңсыз жұмыс істеп келген жүзге тарта ойынхана әшкереленді. Бұл прокуратураның қаржы полициясымен бірге жүргізген соңғы тексерулері нәтижесінде белгілі болды.
Автор: Нұржан Сабырұлы
20.08.2009
Прокурорлардың айтуынша, жасырын ойынханалар еліміздің барлық қалаларынан анықталған. Құмар ойындар орталықтарының иелері заңды белшесінен басып, «ұтыссыз ойын автоматтары» деген желеумен кәсіптерін жалғастырып келуде. Осы жолы 97 ойынхана жабылып, олардан мың жарымға тарта ойын автоматтары, 35 рулетка, карта ойындарына арналған 12 үстел тәркіленді. Қазір прокурорлар 41 қылмыстық іс қозғап, 16 адамды әкімшілік жауапқа тартып отыр. Айта кету керек, заңсыз ойынханалардың басым бөлігі Алматы қаласында әшкереленді.
Нұрдәулет Сүйіндіков, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:
- Фактілер бойынша, кінәлі адамдарды жауапқа тарту және ойын жабдығын тәркілеуге бағытталған шаралар қабылданды. Заңсыз казино және ойын автоматтар залдарын анықтау және олардың жолын кесуге байланысты жұмыс жалғастыруда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары