{metadescription}
0:000:00
Балқаш Аралдың кебін киюі мүмкін бе? Көлдің қазіргі жағдайын еуропалық ғалымдар зерттеп жатыр

Балқаш Аралдың кебін киюі мүмкін бе? Көлдің қазіргі жағдайын еуропалық ғалымдар зерттеп жатыр

Балқаштың жасы қаншада? Бүгін Қарағанды облысына бес елдің ғалымдарынан құралған халықаралық экспедиция келді. Ұлыбритания, Бельгия, Италия, Нидерланды мен Жапонияның мамандары осы мәселе бойынша елімізде зерттеу жұмыстарын жүргізбекші. Сондай-ақ, олар біздің ғалымдармен Балқаштың болашағын талқыламақ. Балқаш Аралдың тағдырын қайталауы мүмкін деген қауіп соңғы кездері жиі айтылып жүр.

Соңғы кездері Балқаш жағалауында балық аулап, нәпақа тауып жүргендердің арасындағы әңгіме біреу - көлдегі балықтың мөлшері жылдан-жылға кеміп барады, судың көлемі де бұрынғыдай емес.

Нұрлан, балықшы:

- Міне, үш жылдан бері көл де құрғап, балық та құрып барады.

Балықшылар әзірге жорамалдап отырса, ғалымдар бұған ғылыми негіз келтіріп отыр. Олардың айтуынша, бұған уақыт өткен сайын қайталанып отыратын судың табиғи азаюы себеп. Әдетте бұл құбылыс 25 жылға созылып, оның қайта қалпына келуі 10 жылға жалғасады екен. Бірақ бұл жолғы кезеңнен ғалымдар аса қауіптеніп отыр. Олар көлдің мөлшері қауіпті межеден түсіп кете ме дейді.

Рымкүл Мәшүрбекова, “Нұра-Сарысу” экологиясы департаментінің Балқаш қаласы бойынша инспекторы:

- Мұның қандай қаупі бар дейсіз бе? Біріншіден, суармалы арналар ащы болады. Көлдегі балыққа да әсер етеді. Оның құрамындағы зиянды бөлшектер көбейеді.

Ғалымдардың пікірінше, жағдай ушығып кетсе, Балқаш көлі өзінің ең жіңішке жерінен екіге бөлініп, кеуіп кеткен Аралдың кебін киюі мүмкін. Негізінен көлдің болашағы оған құйылатын Іле өзенінің мөлшеріне байланысты. Ал оның шығыстағы көршімізден бастау алатыны белгілі.

Наталья Воробьева, “Балық шаруашылығы ғылымыи-зерттеу институты” Балқаш филиалының аға ғылыми қызметкері:

- Қытай қазір өте үлкен бөгет құрылысын жүргізіп жатыр. Алакөлдің тұсындағы Қытай жағында суы ащы Ебінұр көлі бар. Қытай оны тұщыту үшін арна қазып, Іле өзенінің біраз бөлігін соған бұрмақ.

Қазір көрші елмен тек Ертіс өзеніне қатысты су процестерін реттеу келісімі жасалғаны белгілі. Отандық ғалымдар қытайлардың бұл жоспары Балқаш көлінің азаю кезеңімен тұспа-тұс келсе, апатты жағдайдан құтылу қиын болады деп болжап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.