{metadescription}
0:000:00
Павлодардың екі мыңнан астам тұрғыны тіршілік нәрінсіз отырғанын айтады

Павлодардың екі мыңнан астам тұрғыны тіршілік нәрінсіз отырғанын айтады

Таза судың тапшылығын көріп отырған Павлодардағы ықшамаудандардың бірінің тұрғындары көшеге шығып, наразылық білдірді. Олар жергілікті биліктен орталықтан ауыз су қосып беруді талап етуде. Өйткені жұрт лас суды ішуге мәжбүр. Соны ішіп, ауырып қалып жатқандар да бар. Эпидемиолог мамандар тұрғындар пайдаланатын тіршілік нәрінің құрамынан денсаулыққа зиянды бактериялар мен көп мөлшерде нитрат тапқан.

Жаңа ауыл елді мекенінің екі мыңнан астам тұрғыны ұңғымен алынатын лас суды ішіп отыр. Мамандардың пікірінше, енді олардың көбі жұқпалы ішек ауруларына, тіпті қатерлі ісікке ұшырауы мүмкін. Қарапайым жұрт осыған қатты алаңдаулы.

Жібек Уәлиева, Жаңа ауыл елді мекенінің тұрғыны:

- Біздегі скважинаны көрдіңіздер. Қағы бар. Балалар да, өзіміз де ауырамыз. Міне, ауруханаға жатып шықтым. Менде тас бар. Операция жасау керек деді. Бізге ешкім көңіл бөліп отырған жоқ.

Қалима Кәрімова, Жаңа ауыл елді мекенінің тұрғыны:

- Дәрігерлеріміз бұл суды ішпеңдер деп жатыр. Балаларыңа бермеңдер дейді. Тіпті дәрі салып ішуімізге де болмайды екен. Өйткені бұл су өте лас.

Жаңа ауыл елді мекені құжат бойынша қалаға қарайды. Мұндағы жұрт үш жыл бұрын жергілікті атқамінерлерден орталықтан су құбырын тартып беруін талап еткен еді. Бірақ әкімдік бұған ақша таба алмай қалыпты. Ал санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандары бұл жердегі судан зиянды заттар тапқан.

Айгүл Досымханова, Павлодар қаласы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы:

- Жаңа ауылда жекеменшік құбырлар мен ауыз судан сынама алынды. Рейд кезінде 8 құбыр тексерілді. 8-інің 6-уы микробиологиялық және химиялық көрсеткіш бойынша сәйкес келмеді. Нитраттар нормадан асып тұр. Халық арасында ауру тудырмас үшін, ауылдарды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету қажет.

Әкімдіктегілер жұртқа ауыз суды келесі жылы жеткізіп береміз деп отыр. Сол мақсатқа 5 миллион теңге бөлініп те қойған.

Олег Круг, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары:

- Су құбырының болатынына сенімім мол. Олай деуге негіз бар. Қала әкімі тапсырма берді. Былтыр олай болмаған сияқты.

Жаңа ауыл тұрғындарының тауқыметі жалғыз ауыз су мәселесімен шектелмейді. Бұл жер қазір тіпті экологиялық апат аймағына айналып барады. Елді-мекен маңында бұрын тұрмыстық қалдықтар полигоны мен металды қайта өңдеу цехы болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.