{metadescription}
Петропавлға оңтүстіктен көкөніс тиеп келген жүк көліктерінің саны былтырғыға қарағанда 40 пайызға кем
Петропавлға оңтүстіктен көкөніс тиеп келген жүк көліктерінің саны былтырғыға қарағанда 40 пайызға кем

Петропавлға оңтүстіктен көкөніс тиеп келген жүк көліктерінің саны былтырғыға қарағанда 40 пайызға кем

Солтүстік Қазақстан облысының базарларындағы көкөністің 90 пайызы еліміздің оңтүстік аймақтарынан тасылады. Дегенмен биыл Петропавлдағы сауда орындарына оңтүстіктен көкөніс тиеп келген жүк көліктерінің саны былтырғыға қарағанда 40 пайызға кем.

Өткен жылы базар аумағында көлік қоятын орын таппайтынбыз. «Биыл көліктерге арналған орындар мүлдем бос», - дейді базар басшылары. Содан да болар, сатылып жатқан көкөністердің құны оңтүстіктегі бағадан біршама артық. Мысалы, қызанақ Шымкентте 60 теңге тұрса, Петропавлда – 160 теңге. Басқаларының да баға айырмашылығы осы шамалас. Ал Оңтүстіктен келген саудагерлер мүлдем сауда болмай, шығынға батып жатқандарын айтады. Биыл жеке жүк көлігі барларының ғана Қызылжарға көкөніс тасуға мүмкіндіктері бар. «Ал жалға алсаң, шығынға белшеңнен батасың», - дейді олар.

Алтынбек Иманов, саудагер:

- Бәрі банкрот болып жатыр. Жолдың бәрі толған жол сақшылары, ақшамызды сыпырып алып жатыр. Жанар-жағармай қымбат, анадан 30 теңгеден алсаң, мына жерден 40 теңгеден сатасың. Тиімсіз, бәрі банкрот болып жатыр. Наркопосттардың бәрін өтірік қойып қойған. Бәрі пара алады. Тіпті көлік тіркегішінен де мың теңге алады.

Ербол Беспаев, саудагер:

- Ана жақта қарбыз удай қымбат, ешкім Камаз жалдап тасығысы жоқ. Тек өз көлігімізбен ғана тасимыз. Шығын көп қой, айта берсең.... Жолда жүріп жүргендердің бәрі біледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде