{metadescription}
0:000:00
Алматы: орталық көк базардың саудагерлері биліктің бизнеске кедергі келтіріп жатқанына наразы

Алматы: орталық көк базардың саудагерлері биліктің бизнеске кедергі келтіріп жатқанына наразы

Алматының орталығындағы көк базар маңында тағы да жанжал шықты. Ондағы саудагерлер өздерін тәртіп сақышларының тағы да таяққа жығып жатқанын айтып, көшені жаппақ болды. Шағын ереуіл жасаған олар биліктен көк базар маңында сауда жасауға кедергі келтірмеуін талап етіп отыр.

Ұзын саны 70-ке жуық саудагер қаланың орталық көшелерінің бірін бекітіп тастамақ болып, Түркістан дүкенінің алдына жиналды. Олар жабайы саудаға тыйым салған қала әкімдігінің шешіміне бір жылдан бері наразы. Әйтсе де қан төгіліп, таяққа жығылған ешкім жоқ. Наразы топтың арасында мафия мен жемқорлықтың қас жауы - Амантай қажы да жүр. Бұл жерге кездейсоқ келіп қалғанын айтады.

Амантай қажы Асылбек, "Аттан-Қазақстан" қозғалысының жетекшісі:

- Мен намаз оқуға мешітке бара жатқанмын. «Аттан Қазақстан» Амантай қажы, бізді құтқар, ұрып жатыр, қуып жатыр деп айқай салды.

Әйтсе де, ашуға мінген әйелдер Амантай қажыға ауыз аштырмады. Айқай-шудың ортасында қалған қажы абройдан айырылмай тұрып, кеткенді жөн санаса керек.

Көшенің шетін сауда орнына айналдырғандар - жақын аймақтардан келгендер. Көбінің барар жері, басар тауы жоқ.

Рая Айдарқұлова, саудагер:

- Төрт балам бар, күйеуім жоқ. Несием бар, пәтер жалдап тұрамын. Қайда барам?!

Билік өкілдері шерушілерге жақындай қойған жоқ. Тіпті тәртіп сақшылары да күш көрсету әрекетін жасамады. Олар тек арнайы сауда орнына баруларын түсіндіріп әлек.

Жақсылық Бүйтеков, Медеу аудандық ІІБ бастығы:

- Мына халықтың көшеге шығып, митинг жасауы - заңсыз. Бүкіл жолды сауда-саттық, жайма базарға айналдырып жіберген. Оларға берілген арнайы жер бар. Саяхат бекетінің жанынан базар ашылған.

Әйтсе де, халықты жаңадан ашылған базар қанағаттандырмайды. Себебі адам аз, алушы жоқ. Сондықтан олар бұл жерден оңайлықпен кетер емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде