Павлодар тас жолында табылған 4 жастағы бүлдіршін анасымен табысты
Семейдің тәртіп сақшылары осыдан бір ай бұрын Павлодар тас жолында адасып кеткен 4 жастағы бүлдіршіннің анасын тапты. Көшедегі қаңғыбастарды тексеру барысында кездейсоқ табылған 30 жастағы Семей тұрғыны Светлана Скрипникованың Дашадан басқа тағы бір 10 жастағы Алёна есімді қызы бар болып шықты.
Автор: Данияр Мұратбаев
20.08.2009
Естеріңізде болса, өткен хабарымыздың бірінде кезекшілікте жүрген семейлік тәртіп сақшылары бүлдіршінді түн ортасында Павлодар-Семей тас жолында тапқанын айқанбыз. Бір ай бойы арнайы бейімдеу орталығында болған Дашаның айтуынша, ол ата-анасымен бірге орманға саңырауқұлақ жинауға барып, артынан көз жазып қалған. Есімі Дарина екені анықталған бүлдіршін енді балалар үйіне жіберілді. Таяу күндері қасына әпкесі де бармақ. Балалар үйі басшылығының айтуынша, анасы олардан бас тарту жөнінде арыз жазыпты. Қалалық ІІБ өкілдері соңғы жарты жыл бойы орманда тұрған Светлана Скрипниковаға қатысты ешқандай әкімшілік шаралар қолданылмайды деп мәлімдеп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!