{metadescription}
Ирак: Саддам Хусейннің немере інісі Әли Хасан әл-Мәжид өлім жазасына кесілді
Ирак: Саддам Хусейннің немере інісі Әли Хасан әл-Мәжид өлім жазасына кесілді

Ирак: Саддам Хусейннің немере інісі Әли Хасан әл-Мәжид өлім жазасына кесілді

Иракта 5 мыңнан аса бейбіт тұрғынның қазасына кінәлі деп танылған Химиялық Әли 4-ші мәрте өлім жазасына кесілді. Елдің бұрынғы президенті Саддам Хусейннің немере інісі Әли Хасан әл-Мәжид көпшілікке “Химиялық Әли” деген атымен жақсы таныс.

Ирак соты, оған қатысты 1988 жылы Халабдж қаласында химиялық қару қолданып, 5 мыңнан астам әйел мен баланың өлімін тікелей ұйымдастырды деген айып тағып отыр. Жалпы, күрдтерге қарсы ұйымдастырылған “Анфаль” операциясы кезінде аталған қаланың 190 мыңға жуық тұрғыны қаза тапқан болатын. Ирак соты 69 жасар “Химилық Әлиге” қатысы соңғы үш жылда осымен 4-ші мәрте өлім жазасын тағайындау туралы үкім шығарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде