{metadescription}
Ауғанстан: Кабул бұрын-соңды болмаған тәліптердің тосын шабуылына ұшырады
Ауғанстан: Кабул бұрын-соңды болмаған тәліптердің тосын шабуылына ұшырады

Ауғанстан: Кабул бұрын-соңды болмаған тәліптердің тосын шабуылына ұшырады

Ауғанстан астанасы Кабул қаласы бұрын-соңды болмаған тәліптердің тосын шабуылына тап болды.

Талибан қозғалысының 20-дан астам содыры Президенттің резиденциясы мен орталық банктің ғимаратына шабуыл жасады. Жарылғыш затты беліне байлаған бір жанкешті Карзайдың бас кеңесінің маңында өз-өзін жарып жіберсе, бірнешеуі түрлі банктердің ғимаратына баса-көктеп кіріп, бекініп алған. Дегенмен, коалиция күштері 3 сағатқа жуық арнайы операция ұйымдастырып, барлық жасақшының көзін жойды. Қақтығыс кезінде 5 бейбіт тұрғын қаза тапса, 40-тан астамы түрлі дене жарақатын алды. Бұл жағдай президент Хамид Карзайдың жұмысына ешқандай кедергі келтірген жоқ. Қақтығыс кезінде мемлекет басшысы үкімет мүшелерімен кездесу өткізіп, барлығы бірдей Ауғанстанның қауіпсіздігі үшін жұмыс істейтінін айтып, арнайы ант қабылдады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде