{metadescription}
Зиянды жерде еңбек етіп, техникалық жарақат алып немесе мүгедек болған 70 жастан асқандардың зейнетақысы қайта қаралмақ
Зиянды жерде еңбек етіп, техникалық жарақат алып немесе мүгедек болған 70 жастан асқандардың зейнетақысы қайта қаралмақ

Зиянды жерде еңбек етіп, техникалық жарақат алып немесе мүгедек болған 70 жастан асқандардың зейнетақысы қайта қаралмақ

Жетпістен ассаң, зейнетақы төленбейді. Тау-кен өндірісінде, яғни ауыр және зиянды жерде еңбек етіп, сол жерде техникалық жарақат алып немесе мүгедек болып қалған жұмысшыларға Азаматтық кодекс бойынша, сол кәсіпорын банкрот болып қалса - шарасыз.

Бүгін Парламент Мәжілісінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өткізген үкіметтік сағатында осы мәселені сөз қылған депутаттар көп болды. Жалпы, ауыр және зиянды жерлерде жұмыс істеген азаматтарға зейнетақыны жұмыс істеген кәсіпорны төлейді. Бірақ тоқсаныншы жылдардың басында және кейінгі дағдарыс кезінде тоқырауға ұшырап, банкрот болған мекемелердің жұмысшыларына зейнетақыны мемлекет төлейді. Әйткенмен, Мәжіліс депутаттарының басым бөлігі бұл мерзімді ұзарту керек дегенді айтып отыр. Бірақ бұл оңайға түсе қоймасы анық. «Өйткені, есеп-қисапты қайта жүргізу үшін тоқсаныншы жылдардан бері қарай қанша мекеменің банкрот болғаны және ол жерлерде қанша адамның жұмыс істегендігі туралы нақты деректер қолымызда жоқ», - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Ұсыныстар түсіп жатыр. 70 жастан кейін де осындай төлемдер төленсін дейді. Бірақ оны кім төлеу керек? Қандай көлемде? Оны біз зерттеп, қарастыруымыз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде