{metadescription}
Қазақстан мен Иран уран саудасы жөнінде келісім жасады деген жалған ақпарат таратқан ақпарат көзі анықталатын болды
Қазақстан мен Иран уран саудасы жөнінде келісім жасады деген жалған ақпарат таратқан ақпарат көзі анықталатын болды

Қазақстан мен Иран уран саудасы жөнінде келісім жасады деген жалған ақпарат таратқан ақпарат көзі анықталатын болды

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан мен Иран уран саудасы жөнінде келісім жасады деген жалған ақпаратты таратқан ақпарат көзін анықтауға кірісті. Бұл туралы бүгін министрліктің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлімдеді.

Асқар Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жалған ақпараттың шығу себептері мен оның көздерін анықтауда. Сыртқы істер министрлігі толық ақпарат алынғаннан кейін лайықты шаралар қабылдайды және сотқа беру мәселесі қарастырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, өткен желтоқсан айында «Associated Press» агенттігі «Қазақстан Иранға 1350 тонна уранды 450 млн. долларға құпия сату жөнінде келісімге келді» деген ақпарат таратқан болатын. Бірден халықаралық деңгейде дау тудырған ақпараттың жалған екенін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресми түрде мәлімдеді. Онда Қазақстан уранын тіпті теория түрінде де Иранға экспорттау мүмкін емес делінген. Себебі, Қазақстандағы барлық атом саласы МАГАТЭ-нің талаптарына сай жүргізіледі, әрі осы ұйымның бақылауында. Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің бас директоры Юкио Амано Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне бұл ақпараттың жалған екені жөнінде бірден жасаған мәлімдемесі үшін алғысын білдірген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде