{metadescription}
Жақсылық Құлекеев ұлттық компанияға лауазымды қызметке тұрды
Жақсылық Құлекеев ұлттық компанияға лауазымды қызметке тұрды

Жақсылық Құлекеев ұлттық компанияға лауазымды қызметке тұрды

Абақтыдан қайта қызметке оралды. «Қазақстан темір жолының» бұрынғы президенті Жақсыбек Құлекеев «Қазақ мұнай және газ институты» компаниясының корпорациялық даму жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды. Бұл ақпаратты бірқатар ақпарат көздеріне өзі растаған Жақсыбек Құлекеев жаңа лауазымды қызметке бүгіннен бастап кіріскенін мәлімдеді. Аталған институт “Қазмұнайгаз” ұлттық компаниясына қарайды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін “Қазақстан темір жолы” компаниясын басқарған Құлекеев 2008 жылдың 1-сәуірінде 100 мың доллар көлемінде пара алды деген айыппен қамауға алынған болатын. Бірақ сот оны ақтап шықты. Алайда қызмет бабын асыра пайдалана отырып жасаған заңсыздықтары үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылған-ды. Сондай-ақ, сот түрмеден шыққаннан кейінгі 5 жылда мемлекеттік лауазымды қызметті атқаруға тыйым салған еді. Бірақ, арада бір жыл өтпей, түрмеден мезгілінен бұрын босап шыққан Құлекеев бүгін қызметке қайта тағайындалып отыр. Бірақ, бұл қызмет лауазымды болғанымен, мемлекеттік қызметке жатпайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде