{metadescription}
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа температурасы минус 46 градусқа дейін төмендейді
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа температурасы минус 46 градусқа дейін төмендейді

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа температурасы минус 46 градусқа дейін төмендейді

Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа-райының күрт суытуына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілуде. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық бағыттағы жолдар уақытша жабылды. Бұл аймақтарда сынап бағанасы үш тәуліктің ішінде минус 40 градусқа дейін төмендеді. Тек соңғы бір тәулік ішінде төтенше жағдайлар қызметінің ескертуіне қарамастан, Шығыс Қазақстан облысында жолға шыққан 150-ге жуық көлік жолда қалып, бірнеше адам адасып кетті. Ал ауа-райын болжаушылар бүгін түнде бұл аймақта сынап бағанасы минус 50 градусқа дейін...

мендеуі мүмкін деп ескертіп отыр.

Сақылдаған сары аяз өңір тұрғындарын да, құтқару қызметін де әбігерге салды. Демалыс күндері Көкпекті ауданының Байбора елдімекенінде 145 көлік қалың қардан жүре алмай тұрып қалған. Күршімде 12, Бұқтырма су қоймасында 2 адам мұз үстінде адасып кетті. Абырой болғанда, барлығы құтқарылды. Солтүстік Қазақстан облысында да үскірік аяздан барлық бағыттағы жолдар жабылған. Дегенмен тас жол үстінде сынған көліктер көп.

Қайрат Қасенов, СҚО Жол полициясы инспекторы:

- Дизель отыны өте баяу ағады, сол себепті қатып қалған. Енді мұны қыздырмаса болмайды. Көлікті жылы орынға жеткізу керек. Басқа амал жоқ.

Ал Риддер қаласында құбыр суынан пайда болған жасанды өзендегі мұз жарылып, бір бала мерт болды. Тағы бір жеткіншек ауруханаға түсті. Облыс мектептерінде сабақ уақытша тоқтатылып, барлық жолдар жабылды.

Надежда Говоркова, ШҚО «Гидрометеорология» орталығы метеоболжау бөлімі бастығының міндетін атқарушы:

- Аязды ұнататындар үшін қатты аяз келді. Бүгін түнде облыста үскірік аяз болады. Ауа температурасы минус 35, 40. Кей жерлерле минус 42, 46 градусқа дейін төмендейді. Бұл өте қауіпті.

Төтенше жағдайлар қызметі ескерту шараларына кірісті. Олар жергілікті ақпарат құралдары арқылы үсіктің алдын-алу және зардап шеккен адамға көрсетілетін алғашқы көмек жайлы хабарлама таратып, халықты аса мұқият болуға шақыруда.

Минус 46 градустық аяз әсіресе облыстың солтүстігіне жататын аймақтарда болады. Ол - Семей, Өскемен және Шемонайха қалалары. Аязбен қоса таулы өңірлерде қар көшкіні болуы да ықтимал. Ал синоптиктер бүгіннен кейін күн райы сәл жылынады дейді. Ертең 39-42 градус суық болса, ары қарай сынап бағанасы біртіндеп жоғарылай бастайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде