{metadescription}
Волейбол: Ұлттық лигада өнер көрсететін ерлер командалары III турдың ойындарын артқа тастады
Волейбол: Ұлттық лигада өнер көрсететін ерлер командалары III турдың ойындарын артқа тастады

Волейбол: Ұлттық лигада өнер көрсететін ерлер командалары III турдың ойындарын артқа тастады

Волейболдан ел чемпионатының Ұлттық лигасында өнер көрсететін ерлер командалары үшінші турдың ойындарын артқа тастады. Алғашқы үш турдың нәтижесі бойынша суырылып алға шыққан “Алматы” соңғы екі кезеңнің нәтижесіне қарамастан, плей-офф кезеңінен орын тепті.

Қазақстан ұлттық құрама командасының негізін құрайтын алматылық волейболшылар Қызылжар төріндегі бәсекелерде басқаларына дес берген жоқ. Геннадий Паршин баптап жүрген “Алматы” ерлеп тұрса, белді клубтардың бірі саналатын - “Атырау” бұл жолы сылбыр ойын көрсетті. Мұнайлы өлкенің жігіттері ендігі жерде “Қазхроммен” бірге екінші және үшінші орындарды бөлісіп тұр. Плей-офф кезеңіне жол ашатын төртінші жолдамадан Өскеменнің “Шығыс”, Оралдың “Конденсат”және Қызылжардың “Есілі” үміткер. Соңғы жолдаманың тағдырын төртінші және бесінші турдың нәтижесі анықтап береді.

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Аустралия оупеннің алғашқы айналымынан сүрінбей өтті.

Жерлесіміз төрт сетке жалғасқан бәсекеде 6:2, 1:6, 6:3, 6:3 есебімен америкалық тәжірибелі шебер Марди Фиштен алда болды. Әлемнің екінші ракеткасы Рафаэль Надаль Мельбурндегі алғашқы матчын жергілікті теннисші Петер Лучакпен өткізіп, үш сеттегі ойынды өз пайдасына асырып кетті. Аустралияның ашық чемпионатына жетінші нөмірмен терілген тағы бір америкалық әйгілі теннисші Энди Роддик голландиялық Тимо Де Баккерге жол бермеді. Мұндағы ойынның нәтижесі - 6:1, 6:4 және 6:4.

Тай елінің өкілі Тамарин Танасугарнмен жолы түйіскен жерлесіміз Сесиль Каратанчева алысқа шаппады.

Былтыр ғана Қазақстан азаматы атанған Сесиль қарындасымызды басып озған тай қызы келесі турда Ким Клийстерспен кездеседі. Уильямстердің кішісі Серена бірінші айналымда Варашавадан келген Урсула Радвансканы 6:2,6:1 есебімен айқын ұтты. Әлемнің экс-бірінші ракеткасы бельгиялық танымал теннисші Жюстин Энен де алғашқы белестен қиналмай өтті. Ол өзінің отандасы Кирстен Флипкенсті жарыс жолынан шет қалдырды.

Португалия чемпионатында көш бастап келе жатқан “Брага” мен “Бенфика” кезекті турда тағы да жеңіске жетті.

Сырт алаңда “Академикамен” ойнаған брагалық футболшылар алаң иелерін екі мәрте қапы қалдырды. Кездесудің 42 минутында сол қанаттан “Академиканың” айып алаңына ентелей кірген қонақтардың шабуылшысы көкмайсада аунап қала берді. Ойын тәртібі бұзылғанын анықтаған төреші іркілместен, 11 метрлік айып добын белгіледі. Пенальтиді орындаған “Браганың” сұр мергені Альберт Мэйон мүлт кеткен жоқ. Оның соққысынан кейін қақпашы мен ала доп ені 7 метр шығатын дарбазаның екі бұрышынан табылды. Осы күні “Маритимудің” қақпасына жауапсыз бес гол соққан “Бенфика” өз жанкүйерлерін тағы бір қуантты. 16 кездесуден кейін 39 ұпайдан жинаған “Бенфика” мен “Брага” әзірге көш басында қатар келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.