{metadescription}
Биыл еліміз халықаралық дәрежеде өтетін  екі ірі жарысқа қатысады
Биыл еліміз халықаралық дәрежеде өтетін  екі ірі жарысқа қатысады

Биыл еліміз халықаралық дәрежеде өтетін екі ірі жарысқа қатысады

Биыл еліміз халықаралық дәрежеде өтетін ірі екі жарысқа қатысады. Оның бірі - келесі айда Канаданың Ванкувер қаласында өтетін Қысқы олимпиада болса, екіншісі - қараша айында Қытайдың Гуаньджоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындары. Осы сайыстарда спортшыларымыз барынша жоғарғы деңгейде көрінуі тиіс. Әсіресе, Қысқы олимпиада ойындары бойынша ел қоржынына соңғы он жылдан бері бірде-бір медаль түспеген. Осы олқылықтың орны толтырылса, Үкімет спорт саласына бөлінетін қаржыны арттырады. Бүгін Туризм және спорт министрлігінде өткен алқа мәжілісінде премьер-министр Кәрім Мәсімов ведомство...

сшысы Темірхан Досмұхамбетовке осындай шарт қойды.

Алқа мәжілісінде алғашқы баяндаманы жасаған Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов Үкімет басшысына қосымша қаржы керектігін айтты. Әсіресе, Әлем чемпионаттарында және Азия ойындарында медаль иеленгені үшін бір жолғы сыйақы мөлшерінің көлемін арттыруды сұрады. Премьер-министр болса, қажетті қаржы Ванкуверден келген медаль санына байланысты болатынын жеткізді.

Кәрім Мәсімов, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі:

- Темірхан Мыңайдарұлы, медальдар жеңіп әкеліңіз, сонда сіздің ұсынысыңызды қолдайтын боламын. Міне, осындай халық алдындағы уағдаластық болсын.

Үкімет басшысының медальді осылай сұрауының өзіндік себебі бар. Өйткені, біздің спортшыларымыз соңғы кездері қысқы ойындарда жақсы нәтиже көрсете алмай жүр.

Анатолий Құлназаров, Туризм және спорт министрлігі, спорт комитетінің төрағасы:

- Шынында да, 10 жылдан асты, әлі бір медаль алып көргеніміз жоқ. Соңғы рет 1998 жылы Наганода 2 қола медаль алғанбыз. Алдымызда енді міндеттер бар.

Спортшыларымыздың басынан арылмай жүрген келесі мәселе - допинг. Өзімізде спортшылар тұтынатын арнайы дәрі-дәрмектерді сараптау орталығының болмауынан, көбіне қателікке ұрынып жатады. Бірақ бұл мәселе қазір шешімін тапқан сыңайлы.

Анатолий Құлназаров, Туризм және спорт министрлігі, спорт комитетінің төрағасы:

- Бүгінгі таңда жылына 5006 сынама жасап, соны тексеріп жатырмыз. Ондай бұрын-соңды болмаған. Сондықтан, допингіге қарсы орталық ашылып, құрал-жабдықтар алынды, тағы алу керек. Әсіресе, Азия ойындары кезінде оған қарсы күресуіміз керек.

Дегенмен дәл қазір Спорт және туризм министрлігінің алдында тұрған ең басты міндет - 2011-жылы елімізде өтетін Қысқы Азия ойындарын өз деңгейінде ұйымдастыру. Ақ олимпиаданың алауы келер жылдың 30-шы қаңтарында тұтанады. Оған дейін барлық нысандардың құрылысы аяқталуы тиіс. «Сол кезде 20-25 медаль алуды жоспарлап отырмыз», - дейді спорт саласының мамандары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде