{metadescription}
Ақтөбелік өнертапқыш технологияның соңғы үлгісімен жасалған қойшының таяғын жасап шығарды
Ақтөбелік өнертапқыш технологияның соңғы үлгісімен жасалған қойшының таяғын жасап шығарды

Ақтөбелік өнертапқыш технологияның соңғы үлгісімен жасалған қойшының таяғын жасап шығарды

Ақтөбелік Сұлтанбек Тәшенов қойшыларға арналған ерекше таяқ ойлап тапты. Мұнда далада жалғыз жүрген малшыға қажеттінің бәрі бар: дәрі-дәрмек салатын қобдиша, радио қабылдағыш, электр қолшам, анықтама кітапшасы, күнтізбе. Осының бәрі бір жарым метрлік таяқтың ішінде. Ерекше таяқтың қыр-сырымен ақтөбелік тілшіміз Жаңалық Ахаш танысып қайтты.

Сұлтанбек Тәшенов ұзақ жыл бойы қой баққан. Сондықтан, қойшы таяғының қадірін жақсы біледі. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары Үкімет ұсақ мал басын 50 миллионға жеткіземіз деп ұрандатқан кезде, ол алдымен шопандар жағдайын түзету қажет деп, газеттерге үндеу жолдаған. Содан бері ерекше қойшы таяғын жасауды қолға алыпты.

Сұлтанбек Тәшенов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Қазақ бар жерде қой бар, қой бар жерде шопан бар, шопан бар жерде таяқ бар деген. Сол сияқты менің ойластырып, шопанға арнап шығарған таяғым жастардың, шопандардың күнделікті тұрмысына қажет деп ойлаймын. Себебі, бұл таяқтың ішінде ғылым мен техниканың элементтері енгізілген.

Үш бөліктен тұратын таяқтың ұзындығы – 1,5 метр, салмағы - 2 келі. Ішінде дәрі-дәрмек салатын қобдишасы бар. Сондай-ақ, жаңалықтардан хабардар болу үшін радиоқабылдағыш орнатылған. Бұл таяқтың қараңғыда да пайдасы зор. Ағаштың басына шағын ғана электр қолшам орнатылған. Мал санын есептейтін құралы да бар. Әр қойды санаған сайын таяқтың сыртындағы түймені басып отыру қажет. Сонда шағын экран бетіне қой саны шығып тұрады. Ал таяқтың ең соңғы бөлігінде қой ұстайтын құрық бар. «Бұл да қойшыға қажет дүниенің бірі», - дейді ақсақал.

Сұлтанбек Тәшенов өзі ойлап тапқан таяқты қойшылардың жаппай қолданатынына күмәнмен қарайды. Бірақ, малшыларды марапаттаған кезде сыйлық ретінде осы таяқты ұсынуға болатынын айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде