“ZonaKZ” интернет-басылымына - 10 жыл
Көпшіліктің көкейіндегі негізгі сұрақтарға жауап беруге тырысатын интернет-басылым - “ZonaKZ-ке” биыл 10 жыл.
Автор: Дастан Шымырбай
19.01.2010
Аталған интернет-газет осы уақыт ішінде бірнеше рет атын өзгертті. Алғашында “Навигатор” болып шыққан басылым, бірнеше өткір, сын мақалалар жариялағаннан кейін қысымға түсіп, “Мезинов net” болып өзгерді. Соңғы бірнеше жылдан бері “ZonaKZ” атымен көпшілікке таныс. Күнделікті болып жатқан оқиғаларды әр қырынан беруге тырысатын басылым соңғы уақытта еліміздегі басқа ақпарат құралдары қолданып көрмеген тілкелей интернет-желі арқылы сұхбат жүргізуді тиімді іске асырып келеді. Бас редактор Юрий Мизиновтің айтуынша, күніне 15 мың, ал бір айдың ішінде 150 мыңға жуық адам осы сайтты ашып көреді. Бір қызығы, ақпарат тұтынушылары негізгі жаңалықтарға көп көңіл бөлгенімен, сараптамалық материалдарды оқуға құлықсыз.
Юрий Мизинов, “ZonaKZ” интернет-газетінің бас редакторы:
- Қазір ешкім сараптамалық ақпараттарды оқығысы келмейді. Тіпті оған ешкім сенбейтін болған. Керісінше, бір күннің негізгі ақпараттарына үңілушілер өте көп. Біз де өз тұтынушыларымыздың ыңғайына қарай жұмыс істеуге мәжбүрміз. Жалпы, журналистік жұмыс жеңілдеп бара жатқандай.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!