Жапония: ірі әуе компаниясы банкротқа ұшырады
Жапониядағы ең үлкен әуе компаниясының жұмысы ұзаққа созылмай, банкротқа ұшырады. Әуе тасымалдаушы компаниясының кеңесі бүгін осындай шешім қабылдауға мәжбүр болды.
Автор: Дастан Шымырбай
19.01.2010
”Japan Airlines” компаниясы өткен 2009 жылы 45 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсеткен. Дегенмен бұл көрсеткіш әдеттегі қызметінен бірнеше есеге төмен. Оның үстіне, премьер-министр Юкио Хатояма әуе компанисына қолдау көрсетуден бас тартыпты. Сондықтан аталған компания 6 айдың ішінде 1 жарым млрд. долларға шығынданыпты. Сондай-ақ, 2009 жылдың басында 40 млрд. долларға бағаланған акциялық пакеттің құны биылғы қаңтар айының ортасында 100 есеге дейін құлдыраған. Енді корпорацияны қайта жасақтау кезінде 15 мыңнан астам адам жұмыссыз қалмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!