{metadescription}
Кабулдағы тексеру бекетінде орын алған жарылыстың бейнекөрінісі жария болды
Кабулдағы тексеру бекетінде орын алған жарылыстың бейнекөрінісі жария болды

Кабулдағы тексеру бекетінде орын алған жарылыстың бейнекөрінісі жария болды

Ауғанстан астанасы Кабулдағы тексеру бекетінде орын алған жарылысты жергілікті тілшілердің бірі бейнетаспаға түсіріп алған.

Жедел жәрдем көлігін тәртіп сақшылары тексеру бекетінде тоқтатқан. Дегенмен көлік ішінде дәрігерлер емес, 100 келіден астам жарылғыш зат тиеген жанкешті отырған. Оператор түсіріп алған бейнетаспада тәртіп сақшыларының басым көпшілігі қашып үлгермегені байқалады. Қастандықтан 10-нан астам адам көз жұмып, тағы бірнешеуі ауыр жарақат алды. Кабулдағы тәліп жасақшылары мен Үкімет әскері арасындағы қақтығыс үш күннен бері жалғасуда. Соңғы мәліметтерге қарағанда, осы уақыт ішінде 100-ден аса бейбіт тұрғынның өмірі қиылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде