{metadescription}
Көкшетауда заңсыз жұмыс істеп келген жасырын ойынхана әшкереленді
Көкшетауда заңсыз жұмыс істеп келген жасырын ойынхана әшкереленді

Көкшетауда заңсыз жұмыс істеп келген жасырын ойынхана әшкереленді

Казино мен өзге де құмар ойындар еліміздің арнайы аймақтарында ғана рұқсат етілгеніне қарамастан, оңай олжаға дәндегендердің саны азаяр емес. Көкшетау қаласында заңсыз жұмыс істеген осындай ойынханалардың бірі анықталды. Көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде орналасқан жасырын клуб аз уақыт ішінде жергілікті ойынқұмарлардың көңіл көтеретін орнына айналған.

Қаланың қақ ортасындағы жасырын ойынхананы әшкерелеген тәртіп сақшылары бұл жерден 16 ойын автоматы мен көп мөлшерде ақша тәркіледі. Пәтер ішінде құмар ойынға берілген 30 адам мен оларға қызмет көрсеткен оператор заңсыз кәсіпке еш қатысы жоқ екенін айтады. Полицияның мәліметінше, арнайы жабдықталған жасырын мекеме бір жылдан бері жұмыс істеп келген. Қазіргі уақытта көлеңкелі бизнеспен айналысқандардың аты-жөні анықталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.