{metadescription}
Павлодар: аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырған білім саласының қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты

Бүгін Павлодарда аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырған білім саласының қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты. Жалған құжаттар жасап, 20 миллион теңгені жеке пайдасына жаратқан мектеп директоры мен бас есепшінің мүліктері тәркіленіп, әрқайсысы бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қалалық білім бөлімінің екі қызметкері мен бір есепші шартты түрде екі жылға сотталды.

Естеріңізге сала кетсек, олар «алаяқтық жолмен бюджет қаржысын жымқырды» және «қызметін асыра пайдаланды» деп айыпталып, 12 қылмыстық іс қозғалған болатын. Сотталғандар жалған құжаттар жасап, ұстаздардың жалақысын өздерінің туған-туысқандарының, жора-жолдастарының есеп шоттарына аударып отырған. Сондай-ақ, қағаз жүзінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мектепке мүлдем қатысы жоқ адамдарды мұғалім ретінде тіркеген. Дегенмен мектеп директоры мен бас есепші сот үкімімен келіспейтінін айтып, Жоғарғы сотқа апелляциялық шағым жазбақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде