{metadescription}
Ғаламторда еркін жарнамаланып, дүкендерде ашық  сатылып жатқан зиянды шөп қоспаларына құзырлы орындар селқостық танытуда
Ғаламторда еркін жарнамаланып, дүкендерде ашық  сатылып жатқан зиянды шөп қоспаларына құзырлы орындар селқостық танытуда

Ғаламторда еркін жарнамаланып, дүкендерде ашық сатылып жатқан зиянды шөп қоспаларына құзырлы орындар селқостық танытуда

Елімізде ғаламтор арқылы еркін жарнамаланып, дүкендерде кедергісіз сатылатын микстерге құзырлы орындар мойын бұрар емес. Тіпті кеденнен де тосқауылсыз өтіп жатқан улы шөптерді сатумен айналысатындардың істері оңға басып тұрғандай. Бүгінде өсімдік қоспалары ғаламтор арқылы ғана емес, Алматы дүкендерінде де еркін саудаланатын болды. Ал көрші Ресей мен Еуропа елдерінде бұл микстерге тыйым салынған.

Адам ағзасына әсері есірткіден кем емес шөптік «микстерді» сататын дүкендердің қаланың қақ ортасында орналасқанын бұған дейін де айтқанбыз.

Мұнда шөп қоспаларының бағалары әр түрлі. Мысалы, кең тараған «Спайстың» 1 грамы - 5 мың теңге. Оны қалай пайдалану керектігін сатушылардың өздері егжей-тегжейлі түсіндіріп береді. Жұпар иісі бар шөп қоспаларын алушылар да көп.

Нарколог мамандар «микстерді» есірткіден де қауіпті улы шөптердің жетілген түрі деп септейді. Ең сорақысы, адамның көзіне неше түрліні елестететін және есіртетін заттар толық тәуелділікке әкеп соғады. Ресей мен Еуропа елдерде тыйым салынуы да сондықтан.

Заир Амурбеков, Психосараптау және психиатрия орталығының дәрігер-психиатры:

- Өте қауіпті зат; жүйкеге қауіпті. Оның зияны есірткіден кем емес. Ең алдымен жүйкеге әсер етеді. Әлсіз адам шизофренияға ұшырауы мүмкін.

«Микстердің» таралуын бақылап, зияндылығын саралауға құзырлы орындардың мойны жар берер емес. Мәселен, Алматының қақ төріндегі улы шөп сататын дүкен Медеу ауданының аумағында орналасқан. Бірақ, аталған аумақтың әкімшілігінде бұл мәселеге жауап беретін ешкім жоқ.

Шетелден әкелінетін улы шөптерге тосқауыл қоюды әр мекеме біріне-бірі сілтейді. Бұған дейін сананы улайтын зиянды заттардың таралуын бақылауға алу туралы Денсаулық сақтау минстрлігіне депутаттық сауал да жолданған болатын. Бірақ олар Ішкі істер министрлігіне сілтеп отыр.

Жақсылық Досқалиев, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Министрлік тарапынан оны зерттеуге құқымыз жоқ. Осы мәселеге байланысты ІІМ-нің комитеті бар. Және наркобизнеске байланыспен күрес жүргізетін комитет те бар. Бұл - сол комитеттің жұмысы.

Мамандардың айтуынша, бұл мәселе елімізде әлі зерттелмеген. Оларды дер кезінде сараптамадан өткізіп, зияны жайлы нақты шешім шығару керек дейді. Ең бастысы, тиісті заңдарға арнайы баптар енгізу қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде