{metadescription}
Еліміздің солтүстігі мен шығыс аймақтарындағы үскірік аяз басылар емес
Еліміздің солтүстігі мен шығыс аймақтарындағы үскірік аяз басылар емес

Еліміздің солтүстігі мен шығыс аймақтарындағы үскірік аяз басылар емес

Еліміздің солтүстік-шығыс аймақтарында ауа-райының қатты суытуына байланысты Төтенше жағдайлар қызметі бірнеше тәуліктен бері қауіпсіздік шараларын күшейтіп, көліктердің алыс жолдарға шығуына тыйым салып отыр. Дегенмен ескертулерге қарамастан жолға шығып, далада қалған көлік иелері мен жолаушылардың саны азаяр емес.

Мәселен, бүгін Шығыс Қазақстан облысының аумағында Тәжікстаннан Ресейге бара жатқан жолаушылардың автобусы жолда қалып, 35 адам бірнеше сағат бойы құтқарушылардың көмегін күтуге мәжбүр болды. Жолда қалғандардың арасында балалар да бар. Шетелдік азаматтар мінген көлік Семейден 100 шақырымдай жерде жанармайы қатып тұрып қалған. Абырой болғанда, жолаушылардың барлығы жақын орналасқан Семеновка ауылының мектебіне жеткізілді. Құтқарушылардың айтуынша, көмек сәл кешіксе, адамдардың үсікке шалынуы мүмкін еді.

Болатбек Таутанов, ШҚО ІІД Жол полициясы бөлімінің инспекторы:

- Автобуста 32 жолаушы, атап айтқанда, 5 әйел мен 2 бүлдіршін болған. Оларды таяу маңдағы Семеновка ауылына орналастырдық. Минус 40-42 градус аязда автобустың жанармайы қатып қалған.

Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында жолда қалған 54 адам құтқарылды. Олардың арасында жедел жәрдем көлігі де бар. Ал Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында дизельді отынмен жүретін көліктердің алыс жолға шығуына тыйым салынғанымен, ескертуді елемейтіндер көп. Бүгін Қызылорда-Павлодар бағытындағы тас жолда 40 жолаушысы бар автобус тұрып қалса, өткен түнде Теміртау қаласының маңында “DAEWOO” көлігімен келе жатқан бір отбасы далада қалыпты. Сондай-ақ, Алматы облысында 11 автокөлік қардан аршып алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде