{metadescription}
Денсаулық сақтау министрі: “С” гепатитін жұқтырған балалар мемлекет есебінен тегін емделмек
Денсаулық сақтау министрі: “С” гепатитін жұқтырған балалар мемлекет есебінен тегін емделмек

Денсаулық сақтау министрі: “С” гепатитін жұқтырған балалар мемлекет есебінен тегін емделмек

С гепатитінің төңірегіндегі дау-дамайдың соңғы нүктесі қойылған сияқты. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алматыға арнайы келіп, кеселді жұқтырған балалардың ата-аналарымен кездесті. Жақсылық Досқалиев жағдайды ушықтырудың қажеті жоқ, балалар тегін ем-дом алады деп отыр. Және жақын арада министрлік инфекция тарауы мүмкін мекемелердің барлығына тексеруді бастайтынын жеткізді.

Жақсылық Досқалиев С гепатиті төңірегіндегі мәселені науқас балалардың ата-аналарымен бетпе-бет кездесіп шешуді ұйғарған. Министрдің қабылдауына ата-аналар тобының белсенділері ғана кірді. Тараптар ортақ мәмілеге келген сыңайлы.

Зайтунян Байдәулетова:

- Әсіресе бізді қобалжытқаны - 18-19 жастағылар қайда барады? Оларға да қазір онкология, гематологияда бөлімшелер ашылады. Оларды да емдейтін болды.

Министрдің айтуынша, кеселді жұқтырған балалар мемлекет есебінен тегін емделеді. Ал тиісті қаражат бөлініп те қойған көрінеді.

Жақсылық Досқалиев, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Гепатит инфекциясымен ауырған балалардың барлығына Үкімет тарапынан қаражат бөлінді. Ол қаражат бар. Бәрі де емделеді. 98 балаға 15 мың доллардың көлемінде; дәрінің бағасы сондай болады.

Бұл соманың ішіне науқастың әрқайсысына тегін дәрі-дәрмектер мен емделудің толық курсы кіреді. Ал ем-дом әр аймақтағы жергілікті ауруханаларда жасалады.

Лола Асатуллаева:

- Бізге көп уәде берілді. Енд олардың нақты шешілуін күтеміз. Министр маған ақпан айының басында тегін дәрі-дәрмектерді аласың деді. Басқа да аналардың тілек-мұқтаждарын жазып, оларды жүзеге асыратынын жеткізді.

Сондай-ақ, шілде айында балалар педиатриясы институтының жанынан ақ қан ауруынан емдейтін 150 орындық орталық ашылмақ. Ал қан орталықтары толығымен сәуле арқылы қанды тазартатын арнайы құрылғылармен жабдықталады. Өйткені дәл осы мекемелер қанның тазалығына күмән келтіріп, бірқатар ережелерді бұзған.

Жақсылық Досқалиев, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Қан орталығының басшысы жақында министрліктен қатаң сөгіс алды. Мен кеше естідім, ол кісі арызын беріпті. «Әрі қарай жұмыс жасай алмаймын» деген. Жасамаса, босатылады, басқа адам тағайындаймыз.

Бүгін С гепатитіне қатысты даудың соңғы нүктесі қойылды деп айтуға болады. Бірақ, қарқынды жұмыс енді басталмақ. Министрлік жақын арада осы кеселді жұқтырған басқа да балаларды анықтайтын бағдарламаны іске қоспақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде