{metadescription}
Көкшетау: бостандыққа шыққан жеткіншек қымбат көліктерді ұрлап, қайтадан қолға түсті
Көкшетау: бостандыққа шыққан жеткіншек қымбат көліктерді ұрлап, қайтадан қолға түсті

Көкшетау: бостандыққа шыққан жеткіншек қымбат көліктерді ұрлап, қайтадан қолға түсті

Көкшетауда таяуда ғана қымбат көліктерді ұрлаумен айналысты деген күдікпен тұтқындалған 15 жастағы жеткіншек бостандыққа шыққан соң бір күн өтпей жатып, қайтадан қолға түсті. Мектеп оқушысы джип көлігін сыбайласымен бірге қаланың сыртына айдап әкетіп, бөлшектеп сатпақшы болған.

Бұрын хабарлағанымыздай, Көкшетау қаласындағы орта мектептің 9-шы сынып оқушысы өткен айда тапа-тал түсте екі бірдей автокөлікті ұрлап, тәртіп сақшыларының қолына түскен. Бұл заңсыз әрекеті үшін қылмыстық іс қозғалғанымен, әлі тергеу амалдары аяқталмаған. Кәмелет жасына толмаған жеткіншекті ата-анасы қолхатпен Ішкі істер департаментінің уақытша оқшаулау орталығынан бір күн бұрын ғана шығарып алыпты.

Күдікті:

- Мен қала сыртында танысымды кездестірдім. Ол мені қорқытып, осы іске жұмсады. Джипті айдап әкелсем, оны ағасы екеуі сатпақшы болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.