Алматы: Биологиялық зерттеулер орталығына қатысты ғалымдардың пікірі екіге жарылды
Алматыдағы Биологиялық зерттеулер орталығына қатысты ел ғалымдарының пікірі екіге жарылды. Бүгін Ұлттық ғылым академиясының бірқатар академиктері баспасөз мәслихатын өткізіп, орталықтың жұмысын тоқтатқан дұрыс деп мәлімдеді. Дегенмен кешегі наразы топ та қарап қалған жоқ. Олар бұл пікірге үзілді-кесілді қарсы. Бекзат Жүсіп екі жақты да тыңдап қайтты.
Автор: Бекзат Жүсіп
20.01.2010
Биологиялық зерттеулер орталығы қызметкерлерінің Білім және ғылым министрлігі жүзеге асырғалы отырған реформаға наразы екенін кеше ғана хабарлаған едік. Биолог ғалымдар министрліктің он бір ғылыми институтының басын біріктіріп отырған Орталықты жапқалы жатқанын айтып, қарсылық білдірген. Ал бүгін бір топ академик аталған орталық қызметкерлерінің бұл пікірі орынсыз деп отыр.
Әлихан Меделбеков, ҰҒА-ның академигі:
- Орталық жұмыс істеп жатқан жоқ. Тек Ғылым комитетінен келген хаттарды ғылыми институттарға жібереді, ал институттардан келген хаттарды керісінше, комитетке жібереді. Олар - екі ортадағы делдал. Ондай қызметтің бізге қажеті қанша?
Академиктердің айтуынша, Орталық еншілес кәсіпорын болғандықтан, оның басшылығына көп құзырет берілген. Ал атқарып отырған шаруасы оған сай емес. «Сондықтан оны таратып, орнына ғылымды дамытатын Республикалық орган құру керек», - дейді бұлар. Ал қарсы жақтың өз айтары бар.
Марат Молдабеков, “Ғылыми қызметкерлер кәсіподағы” ҚБ төрағасы:
- Жеке министрлік болса, не агенттік. Сосын орталықты жоюға болады деп айтып отырмыз ғой. Бәлендей айырмашылық . Мына кісілердің айтып отырғаны: жылдамырақ жою керек, жылдамырақ. Министрлікте, басқа да адамдар бар шығар, өздерінің саясатын осы кісілер арқылы...
Осылайша, бір Орталықтың төңірегінде туған дауға қатысты ел ғалымдарының пікірі екіге бөлінді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!