{metadescription}
Шымкент: әкімдіктің баспасөз қызметкері ар-намысына тигені үшін әкім орынбасарларының бірін сотқа берді
Шымкент: әкімдіктің баспасөз қызметкері ар-намысына тигені үшін әкім орынбасарларының бірін сотқа берді

Шымкент: әкімдіктің баспасөз қызметкері ар-намысына тигені үшін әкім орынбасарларының бірін сотқа берді

Шымкентте бұрын-соңды болмаған шу шықты. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметкері ар-намысына тигені үшін әкім орынбасарларының бірін сотқа берді. Келтірілген моральдық шығынды арызданушы жарты миллионға бағалап отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Бақыт Батырхан сотқа жазған арызында қала әкімінің орынбасары Жолдасбек Күздеубаев бірнеше рет қызмет бөлмесіне шақырып алып, дөрекілік танытқанын айтады. Арызданушының сөзінше, қаладағы мәдениет саласын қадағалайтын лауазымды шенеунік оған ауыр сөз айтып, балағаттаған. Баспасөз хатшысы бұл «әңгімені» диктофонға жазып, сотқа берген арызына тіркепті. Алайда Шымкент қалалық соты бұл таспаның заңды күші жоқ екенін айтады. Өйткені, арызданушы диктофонға жазу үшін арнайы рұқсат пен құзырлы органнан санкция алмаған. Ал Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Жолдасбек Күздеубаев бұл айыптауды жоққа шығарып отыр. Оған қоса, лауазымды шенеунік өзін жергілікті биліктегі «астыртын ойынның құрбаны» болғанын айтады. Бірақ осы дауға қатысты екі жақ та, сот өкілдері де ресми сұхбат беруден бас тартты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде