{metadescription}
Петропавлде иесі жоқ саяжайларды тегін тарату науқаны үлкен дауға ұласты
Петропавлде иесі жоқ саяжайларды тегін тарату науқаны үлкен дауға ұласты

Петропавлде иесі жоқ саяжайларды тегін тарату науқаны үлкен дауға ұласты

Петропавлде иесі жоқ саяжайларды тегін тарату науқаны үлкен дауға ұласты. Жер телімдерін кенеттен пайда болған бұрынғы қожайындары талап етуде. Қалалық сотта осы мәселеге қатысты шағымдар көбейіп барады. Дегенмен жергілікті билік саяжайларды жандандыру ісінен бас тартпай отыр.

Былтыр көктемде жергілікті билік иесіз қалған жер телімдерін тегін тарата бастағанда, Петропавл тұрғыны Николай Тарасенко да өз үлесін алған болатын. Зейнетке шыққанда саяжайға қоныстауды ұйғарған қария негізінен тегін деп жарияланған бұл шараға қатысу үшін ақша төлегенін айтады. Бірақ ойда жоқ жерден саяжайдың қожайыны шыға келді.

Николай Тарасенко, арызданушы:

- Жасағандарыңыз қылмыс қой! Біреудің қараусыз қалған саяжайы үшін 50 мың теңге алдыңыздар. Негізі, облыс әкімі оны тегін таратамыз деп жариялаған. Ал маған тіптен басқа, жекешелендірілген саяжайды беріп қойды.

Жер телімінен айырылған Николай Тарасенко сотқа шағымданды. Ол енді үй мен су құбырларын қалпына келтіргені үшін ақшаны қайтарып беруді талап етуде.

Анатолий Федосов, куәгер:

- Сонда қалай? Адамдар еңбек етті, ақша төледі. Енді біреулер келіп, саяжайларды тартып алып жатыр.

Дегенмен Петропавлда иесіз қалған жер телімдерін тарату науқаны жалғасып жатыр. Ал Николай Тарасенко сияқты сотқа шағымданғандардың саны 20 адамға жетті. 90-шы жылдардың аяғында иесіз пәтерлерге қатысты жағдай да осылай ушыққан еді. Бірақ шенеуніктер бұл жолы жерді рәсімдеуге рұқсат етпей, тек жалға беретін болыпты.

Олег Понамарев, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі:

- Мұндай жағдайлар алдын-ала ескертілуі керек еді. 3 мың иесіз қалған жер телімдерінің ішінде екеу-үшеуінің ғана қожайыны табылуы мүмкін.

Орын алған даулы оқиғаларға қарамастан, шенеуніктер саяжайларды қалпына келтіруден бас тартпайтынын айтады. Олар тіпті жолдарды жөндеп, саяжай кооперативтеріне электр қуатын өткізуге уәде беріп отыр. Бірақ Николай Тарасенко шенеуніктерге «енді сенбеймін» дейді. Сотқа жүгінген зейнеткердің саяжайға жұмсаған ақшасы да қайтарылмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде