{metadescription}
“Арселор Миттал Теміртау” жұмысшылары Астанада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алдында наразылық шеру ұйымдастырмақшы

“Арселор Миттал Теміртау” кенішінде жарақат алып, зардап шеккен жұмысшылар Астанада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алдында наразылық шеру ұйымдастырмақшы. Бұл кеншілердің Шахтинск қаласында өткен кездесуі кезінде мәлім болды.

Олардың мұндай шешіміне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықованың өндірістік жарақат алған жұмысшылардың жағдайын жұмыс тобы қарап жатыр деген кешегі бір ауыз сөзі себеп болған. Шахтерлер «уәдеге тойып біттік, енді ереуілге шығамыз» деп бекініп отыр. Олар наразылық шарасын қаңтардың 26-27 күндері Астанада аталған министрліктің алдында өткізбек. Сондай-ақ, ынталы топ Үкімет пен Парламентке зардап шеккен кеншілердің саны мен қанша өтемақы алып отырғаны жайында мәлімет ұсынбақ. Бір ғана «Арселор Миттал Теміртау» кенішінде жарақат алғандардың саны 4 мыңға жуық. Ал еліміз бойынша түрлі салада өндірістік жарақат алып, мүгедек болғандар 20 мыңнан асып жығылады екен. Олардың кейбірі бар болғаны 4 мың теңге көлемінде өтемақы алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде