Көкшетаулық зейнеткерлер коммуналдық қызмет бағасының көтерілуіне наразы
Жыл басынан бері еліміздің бірқатар өңірлерінде коммуналдық қызмет бағасының көтерілуі тұрмысы төмен отбасылар мен зейнет жасындағы адамдар үшін ауыр тиіп отыр. Бүгін көкшетаулық зейнеткерлер осы жағдайға наразылық білдіріп, «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық бөлімшесіне шағым хат жолдады.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
20.01.2010
«Нұр Отан» ХДП-сы ғимаратының алдына жиналған зейнеткерлер «көкшетаулық шенеуніктерге қоятын сұрақтарымыз көп» дейді. Ақсақалдардың айтуынша, әкімдер халықтың емес, монополистердің қамын күйттеп отыр. Жалпы, Ақмола облысында жаңа жылдан бастап, су бағасы 7 есе, ал жылу екі есеге қымбаттаған. Электр қуаты үшін төленетін ақы өткен жылдың аяғында ғана 3 мәрте өсіп, 10 теңге 68 тиынға жеткен. Бұл жағдай қарапайым тұрғындарға, әсіресе зейнеткерлерге үлкен қиындық туғызып отыр. Ал электр қуатымен қамтамасыз ететін компания өкілдері: “Көкшетауда жылу-электр орталығы жоқ. Электр қуаты Екібастұздан жеткізіледі. Сондықтан қуат өзге қалаларға қарағанда қымбат” - деп түсіндіреді. Дегенмен ақсақалдар коммуналдық қызмет бағасының осынша тұрақсыз, әрі қымбат болуы әділетсіз деп есептейді.
Айдос Бекеттегі, Көкшетау қаласының тұрғыны:
- Осы бүкіл коммуналдық тарифтің өсуіне электр энергиясының қымбаттауы себеп. Былтырғы жылы 7 теңгеден, 11 теңгеге дейін жақындатылды. Бүгін біз, ақсақалдар, жағдайды айтып тұрмыз. Мәселе түпкілікті шешілсе дейміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!