Ақтөбе: мас жүргізуші жол полициясы қызметкерін қасақана көлігімен қағып кетті
Ақтөбе қаласында мас жүргізуші өзін тоқтатпақ болған жол полициясы қызметкерін қасақана көлігімен қағып кетті. 28 жасар қала тұрғыны бұл әрекетке мас күйінде барғандығын айтып, ақталып отыр. Ауыр жарақат алған жол сақшысы қазір ауыр халде ауруханада жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
20.01.2010
Жол бойында тұрған тәртіп сақшысын көріп, құжатының жоқтығы есіне түскен азамат, бұл мәселені төтесінен шешкенді жөн санаған сияқты. Жол полициясы қызметкерінің жамбасы мен тізесі жараланды. Көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Ақтөбеде соңғы екі жылда жол инспекторының өміріне қауіп төндірерліктей мұндай іс тіркелмепті. Бұл жағдайды жол полициясы басқармасының өкілдері жүргізушілер мен жол сақшыларының арасындағы ымыраластықтың жоқтығымен байланыстырады.
Абзал Шотанов, Ақтөбе облыстық Жол полициясы басқармасының батальон командирі:
- Жария етердей ештеңесі жоқ. Бәрі де біледі оны. Қоғамда тәртіп болса... полиция қызметкері, жол полиция қызметкері, оған қандай шара қолдануы мүмкін? Көмегін көрсетеді, конституциялық құқығын қорғауға арналған біздің жұмысымыз...
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!