Ермек Тұрсыновтың “Келін” фильмі “Оскар” сыйлығының жартылай финалына өтті
Атышулы режиссер, әрі сценарист Ермек Тұрсыновтың “Келін” фильмі “Оскар” сыйлығының жартылай финалына өтті. Биыл “Үздік шетелдік фильм” аталымы бойынша іріктеу сынына 65 мемлекеттен туындылар ұсынылған.
Автор: Ерланби Дәулетияр
21.01.2010
Киноакадемия мүшелері байқауды жалғастыруға олардың 9-ы ғана лайық деп тауыпты. Солардың арасында қазақ режиссерінің туындысы да бар. Дегенмен қазірдің өзінде сыншылар аталған жүлде бойынша негізгі бәсеке француз режиссері Жак Одиярдың “Пайғамбары” мен австриялық “Ақ лента” фильмдерінің арасында болады деп отыр. Жартылай финалдың қорытындысы бойынша, ақтық сайысқа тек 5 туынды іріктеліп алынады. Бас жүлдеден үміткерлер екінші ақпанда белгілі болмақ. Ал жеңімпаздар наурыздың 7-і күні “Оскар” марапатының салтанатты кешінде жария етіледі. Айта кету керек, “Келін” - Ермек Тұрсыновтың алғашқы режиссерлік жұмысы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!