Еліміздің әншілері мен сазгерлері авторлық құқықтарын қорғауды мықтап қолға алды
Еліміздің әншілері мен сазгерлері өздерінің авторлық құқықтарын қорғауды мықтап қолға алғандай. “Орындаушылардың сабақтас құқықтарын басқару” қоғамы музыкалық шығармаларды рұқсатсыз пайдаланған көңіл көтеру орындары және БАҚ-ы жауапкершілікке тартылатын болады дейді.
Автор: Меруерт Бауыржанқызы
21.01.2010
13 жылдан бері пайдасы болмай келген “Авторлық және сабақтас құқықтар туралы” заңның нақты жүзеге асуын аталмыш ұйым заң бойынша қадағалай алады. Қоғам белсенділерінің айтуынша, соңғы 4 айда жер-жердегі көңіл көтеру орындарынан 15 миллион теңге жиналды. Шығармалары орындалған авторларға қаржы аударылды. Дегенмен мекемелердің көбі мұндай келісім-шартқа отырудан бас тартады екен. Аталған ұйым мүшелері заң бұзушыларды сотқа береміз деп отыр. Ақпарат құралдары мен көпшілік орындар көбінесе қазіргі эстрада жұлдыздары мен шетелдің танымал әншілерінің орындауындағы әндерді пайдаланады. Сондықтан шетелдік өнерпаздар да бұл шарадан өз үлестерін алатын сыңайлы. Олардың сыйақылары да сәуір айынан бастап есеп шоттарына аударылады. Бұған күмәнмен қарайтындар жетерлік. Дегенмен жаңадан құрылған ұйым музыканттардың авторлық құқықтарын қорғаудан тайынбаймыз дегенді айтады.
Ләйлә Сұлтанқызы, Орындаушылар кеңесінің төрайымы:
- Аудан орталықтарындағы кішігірім ойын-сауық кешендерін бақылау өте қиын. Оларда қандай ән орындалып жатыр, не болып жатыр... Бірақ та негізгі облыстарда, қалаларда өзіміздің инспекторларымыз жұмыс атқаруда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!