Шымкенттегі хайуанаттар бағында тағы да оқыс оқиға орын алды
Шымкенттегі хайуанаттар бағында тағы да оқыс оқиға. Жуырда ғана «арыстаны бес бірдей күшігін шайнап тастады» деп шу шыққан бақта осыдан бірнеше күн бұрын туған қонжықтар өліп қалды.
Автор: Бекжігіт Мәуленов
21.01.2010
17-қаңтар күні қоңыр аю салмағы 350 грамм келетін екі қонжықты дүниеге әкелген. Алайда араға үш күн салып, олар өліп қалды. Хайуанаттар бағы қызметкерлерінің айтуынша, бұған аю төлінің әлсіз боп тууы себеп болуы мүмкін. Өйткені, қонжықтарды дүниеге әкелген аюдың аналығы мен аталығы бір құрсақтан шыққан екен.
Сейдұлла Жұбаев, Шымкент хайуанаттар бағы директорының міндетін атқарушы:
- Жақын туыстық қатынастан туған ұрпақтар өмір суруге қабілетсіз боп келеді. Олар 2-3 күн өмір сүріп, әлсіз, нашар туған күйінде екеуі де өліп қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!