{metadescription}
Ақтөбе: судьялар арнайы бейнебақылау камераларымен жабдықталған орындарда  іс жүргізуге құлықсыз
Ақтөбе: судьялар арнайы бейнебақылау камераларымен жабдықталған орындарда  іс жүргізуге құлықсыз

Ақтөбе: судьялар арнайы бейнебақылау камераларымен жабдықталған орындарда іс жүргізуге құлықсыз

Ақтөбелік судьялар сот жүйесіне енгізілген жаңашылдықтарға, оның ішінде техникалық жетістіктерге құлықсыздық танытып отыр. Олар қыруар қаржыға жабдықталған бейнебақылау залдарында іс жүргізуге қарсы. Жаңа жобаны енгізерде білек сыбана кіріскен басшылық болса, бұған дәлел таппай әлек.

Бектас Бекназаров, Ақтөбе облыстық сотының төрағасы:

- Кейбір жағдайда судьялар барғысы келмейді. Cудьялар ол залға отырғысы келмейді. Ол адам факторы ғой... судьяның жеке жауапкершілігі, шаруашылығы.

Өткен жылдың күзінде Ақтөбедегі облыстық және қалалық соттың он үш залына бейне бақылау камералары мен дыбыс күшейткіш құралдар орнатылған. Техникалық жабдықтауға соттар әкімшілігі қазынасынан төрт жарым миллион теңге жұмсалды. Осыншама қаражатқа жабдықталған залдар қазір бос тұр. Судьяларға бұл бөлмелердің неліктен ұнамағанын сот төрағасы Бектас Бекназаровтың өзі де дөп басып айта алмайды. Ол алғашқыда бір істі бірнеше айға созатын судьялар енді өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарайтынына сенім білдірген еді. Бірақ үміті ақталмады, керісінше, «судья сот отырысында дөрекілік көрсетті» деген шағымдар көбейіп, судьялық әдеп комиссиясының қарауына келіп түскен 21 шағымның төртеуі расталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде