Қарағанды: пәтер тонады деген күдікпен ұсталған екі әйелдің бірі мектептегі оқу ісінің меңгерушісі болып шықты
Қарағандыда пәтер тонаумен айналысты деген күдікпен ұсталған 3 адамның біреуі орта мектептердің бірінде директордың орынбасары болып қызмет атқарған. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Автор: Дастан Шымырбай
21.01.2010
Олардың айтуынша, түрлі сылтаумен пәтерге басып кірген күдіктілер үй иесін қорқытып, бағалы заттарды зорлықпен алған. Бұл әрекеттен зардап шеккендердің қатарында жергілікті екі нотариустық кеңселердің иелері де бар. Күдіктілердің осындай 4 бірдей тонау әрекетін ұйымдастырғаны белгілі болды. Дегенмен тәртіп сақшылары зардап шеккендердің саны бұдан да көп болуы мүмкін дейді. Аталған қылмыстық іске күдіктілердің бірі - 39 жастағы әйел, ол орта мектептердің бірінде директордың орынбасары болып жұмыс істеген. Дегенмен декреттік демалысқа шыққан ол мұндай әрекетке банктен алған несиесін қайтару үшін барғанын айтады. Бүгінде күдіктілердің 400 мың теңге көлемінде шығын келтіргені белгілі болды. Қазір олар уақытша тергеу абақтысына қамалды.
Болат Өтегенов, Қарағанды қаласы Михайлов полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы:
- Зардап шегушілердің түсініктемесі бойынша, күдіктілердің фотобейнесі сомдалған болатын. Сол бойынша, құрықталған екі әйел мен бір еркектен қылмысқа қатысы бар заттар тәркіленді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!