Көкшетауда балаларға арналған қазақ ауыз әдебиетінің тұңғыш жинағы жарық көрді
Республикада қазақ тіліндегі алғашқы балалар ауыз әдебиеті жинағы жарық көрді. Оны құрастырған қарапайым көкшетаулық кітапханашы - Ләйлә Сейітова. Ол жиырма жыл бойы фольклорлық туындыларды жинаған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
22.01.2010
Қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары газет-журналдарда жарық көргенімен, елімізде балалар фольклоры жинағы жоқтың қасы. Төл тіліміздегі балалар кітабының тапшылығын Ләйлә Сейітова осыдан 20 жыл бұрын өзі бала тәрбиелей бастағанда сезген екен. Көп кешікпей, бала тәрбиесі үшін таптырмас ауыз әдебиетінің мұрасын жинастырып, 250 беттік «Балалар фольклоры» жинағын шығарды. Бес бөлімнен тұратын кітаптың ішінде тақпақтар мен әңгімелер, бесік жыры, өтірік өлеңдер, жаңылтпаштар мен санамақтар бар. Түрлі-түсті иллюстрациялық суреттердің авторлары - балалар. Кітапханашы оларды байқау арқылы іріктеп алған. Әзірге кітап 2 мың дана болып басылып шықты. Кітаптың электрондық нұсқасы да бар. Оқырман қызығушылығын тудырып отырған фольклор жинағына сұраныс артып отыр.
Ләйлә Сейітова, Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің әдістемелік библиографиялық бөлімінің меңгерушісі:
- 20 жыл бойы жинадым. Жинаған материалдар 1 сандық болды. ған. Қазір не жоқ? Қазақша кітап жоқ. 2 мың данамен шықты, меніңше, аз деп ойлаймын. Сұранысқа ие болды, әрбір мекеме алып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!