Астанада жазушы Әлібек Асқаровтың “Алтай –алтын бесік, ата-жұрт” атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
Астанада жазушы Әлібек Асқаровтың “Алтай –алтын бесік, ата-жұрт” атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Автор: Ғабит Ұзақбай
22.01.2010
Бұл - тарихи-танымдық туынды. Кітаптан автордың Алтайға деген құштарлығын және сол жердің табиғатынан ерекше тылсым дүниелерді іздейтіндігін байқау қиын емес. Өйткені, Әлібек Асқаров жазушы ғана емес, кәсіби суретші де. Талантты қаламгердің бұл туындысы тәуелсіз елдің елжанды азаматы екендігін танытып-ақ тұр. “Алтай-алтын бесік, ата-жұрт” кітабы қазіргі уақыттағы ауыл жағдайын да қамтыған. Сол себепті бұл кез-келген оқырманға ой салатын, жүрек отымен жазылған шымыр шығарма. Кітаптың тұсаукесеріне қатысқан барлық қауым және автордың замандастары жаңа туындыға оң баға берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!