{metadescription}
Ақтөбеде бір жарым жасар қыздың әке-шешесі сәбидің еркелігі үшін жауапкершілікке тартылды
Ақтөбеде бір жарым жасар қыздың әке-шешесі сәбидің еркелігі үшін жауапкершілікке тартылды

Ақтөбеде бір жарым жасар қыздың әке-шешесі сәбидің еркелігі үшін жауапкершілікке тартылды

Ақтөбеде бір жарым жасар баласының еркелігі үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Өз үйінде асыр салып ойнаған бүлдіршіннің қылығын ұнатпаған көршілері “түнде тыныштығымызды бұзды» деп учаскелік инспекторға шағым жазыпты. Осыдан кейін айыппұл төлеген ата-ана енді оның әр қадамын қалт жібермей бақылауға мәжбүрміз дейді.

Айнұр Қожбанова «көрші әжей мен полиция» десе, бір жарым жастағы Мәдина сескене қарайды. Себебі, төменгі қабатта тұратын көршісі «баласы ұйқымды бұзды» деп, бірнеше мәрте құқық қорғау органдарына арызданған. Соңғы рет осыдан бір апта бұрын, Айнұр баласының еркелігі үшін 500 теңге айыппұл төлеген екен.

Айнұр Қожбанова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Енді баламызды кешкі сағат 22-ден кейін ұйықтатып тастауға талпынатын болдық. Бірақ, ұйқысы келмейді. Соған қарамастан жатқызып тастаймыз.

Кішкентай Мәдинаның қылығына өкпелі көршіні бірнеше күн бойы іздеп, таба алмадық. Бірақ оның шағымын тәртіп сақшылары растап отыр. «Түнгі уақытта бөгде адамдардың тыныштығын бұзған бала да, ересек те жазасыз қалмайды» - дейді полиция қызметкерлері.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің аға инспекторы:

- ҚР Заңының 333-бабына сәйкес, түнгі уақытта 23.00-ден таңғы алтыға дейін түнгі тыныштықты бұзса, айыппұл салынады. Екі есептік көрсеткішке шейін.

Әр үйдің өз еркесі бар. Бірақ оны сырттағы адам көтере бермейді. Көпқабатты үйде тұратын көршілердің арасындағы дау да содан туындап отыр. Енді учаскелік инспектор мұндай шағымдар болмаса деген ниетпен екі отбасын татуластыруға барын салуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.