{metadescription}
АҚШ: Гаитидегі жер сілкінісінің құрбандарына арналған қайырымдылық телемарафон өтеді
АҚШ: Гаитидегі жер сілкінісінің құрбандарына арналған қайырымдылық телемарафон өтеді

АҚШ: Гаитидегі жер сілкінісінің құрбандарына арналған қайырымдылық телемарафон өтеді

Бүгін АҚШ-та әлем жұлдыздарының қатысуымен, Гаитидегі жер сілкінісінің құрбандарына көмек ретінде қайырымдылық телемарафон өтеді. Шараны белгілі Голливуд актері, БҰҰ-ң ерікті елшісі Джордж Клуни ұйымдастыруда.

Екі сағатқа жалғасатын телемарафон әлемнің 20 шақты телеарналарында көрсетіледі. Эфир барысында көрермендер де арнайы құрылған қайырымдылық қорларына ақша аудара алады. “Гаити үшін үміт” қайырымдылық телемарафонына әлемге танымал 40-қа жуық жұлдыз қатысады деп күтілуе. Олардың арасында Мадонна, Джастин Тимберлейк, Кристина Агилера, Шакира және Джэй-Зи сияқты белгілі әншілер бар. Бағдарламаны Джордж Клуни жүргізеді. Естеріңізге сала кетсек, қаңтардың 12-сі күні Гаитиде күші 7 баллдық жер сілкінісі болып, ел астанасы Порт-о-Пренс жермен-жексен болған. Зілзаладан нақты қанша адамның қаза тапқаны осы күнге дейін белгісіз, дегенмен құтқарушылардың болжамдары бойынша, 200 мыңға дейін жетуі мүмкін. 3 млн-нан астам адам баспанасыз қалды. Елде аршу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Джордж Клуни, актер:

- Көмек кеш көрсетілуде, бірақ мұндай жағдайда аяқ астынан көмек ұйымдастыру оңай емес. Мыңдаған адамдар қайғырып жатқанда, біз бұған немқұрайлы қарамауымыз керек. Қолымыздан келгенше көмектесуге тырысамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде