{metadescription}
Жапония: жаңа Премьер-министрдің есімі белгілі болды
Жапония: жаңа Премьер-министрдің есімі белгілі болды

Жапония: жаңа Премьер-министрдің есімі белгілі болды

Жапонияның жаңа Премьер-министрінің есімі белгілі болды. Бүгін Парламенттегі 420 депутаттың 291-і Наото Канның кандидатурасын жақтап жауыс берді.

63 жастағы Кан экс-премьер Юкио Хатояманың орынбасары және Қаржы министрі қызметін қоса атқарған. Хатояма бастаған демократтар сегіз ай бұрын ғана 50 жыл биліктен түспеген консерваторларды тақтан тайдырып министрлер кабинетін жасақтаған еді. Алайда сол сайлау кезінде Окинава аралындағы АҚШ әуе базасын жабамын деген уәдесін орындай алмай, сәрсенбі күні отставкаға кетті. Айта кету керек, министрлер кабинетінің жаңа басшысы Наото Кан Жапонияның соңғы төрт жыл ішіндегі 5-ші Премьер-министрі.

Джеф Кингстон, саясаттанушы (Жапония):

- Менің ойымша, елдегі жағдайды халық та сезіп отыр. Үкімет басшысы болып бұрынғы Қаржы министрінің сайланғаны да дұрыс деп ойлаймын. Өйткені ол елдің экономикалық қиындықтарымен жіті таныс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде