Қытай: Гуансидегі су тасқыны мен сел көшкінінен тағы 44 адам қаза тапты
Қытайдың Гуанси провинциясындағы су тасқыны мен сел көшкінінен бүгін тағы 44 адам қаза тауып, 8-і із-түссіз жоғалып кетті.
Автор: Ерланби Дәулетияр
04.06.2010
Нөсер жауын аймақта аптаның басынан бері толастамай жатыр. Соның салдарынан елдегі бірқатар су қоймалары мен өзендер арнасынан асып жақын маңдағы бірнеше елдімекенді басып қалған. 140 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жалпы жыл басынан бері елдің бірқатар аймақтарында болған су тасқыны 23 млн-нан астам адам зардап шегіп, бір жарым миллион гектар егістік алқабы судың астында қалды. Елдің ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, табиғи апаттан 2,5 млрд доллардан астам шығын келген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!