Семейлік тұрғын Ертіс өзеніне секіріп кетпек болды
Семей тұрғыны полиция мен құтқарушыларды бір сағат әбігерге салды. Жігіт аспалы көпірден Ертіс өзеніне секіріп кетпек болды.
Автор: Әйгерім Асқарқызы
04.06.2010
Тәртіп сақшылары оның шыдамдылығына таң қалып отыр. Жігіт 90 метр биіктікке арқанмен көтеріліп, қатты желге қарамастан бір орында қозғалмай тұрған. Құтқарушылар оны көпірдің ішкі жағына лифтпен түсіріп алды. Жүрек жұтқан жігіт оларды қасына жақындатпас бұрын жүйке жүйесі ауруханасына апармайтыны туралы уәде алған. Аман-есен жерге түскеннен кейін ол медициналық айықтырғышқа баруға бірден келісті. Алайда өзінің бұл әрекетін түсіндіре алмады.
Марат Дәлетин, Семей қалалық ТЖБ бөлім бастығы:
- Мас күйінде көпірдің жоғарғы жағына шығып кеткен. Біздің құтқарушылар ол азаматты жерге түсірді. Ол кісіні қазір ІІБ-не алып кетті. Жағдайды ары қарай солар тексереді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!