{metadescription}
Павлодар: көлік жөндейтін жерде ерекше көрме ұйымдастырылды
Павлодар: көлік жөндейтін жерде ерекше көрме ұйымдастырылды

Павлодар: көлік жөндейтін жерде ерекше көрме ұйымдастырылды

Павлодарда ерекше көрме ашылды. Өнер туындылары әдеттегідей көркемсурет галереясында емес, көлік жөндейтін орынға қойылды. Ал оның авторы – қияли фильмнің кейіпкері. Сыншылардың айтуынша, мұндай көрме елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Суретші Андрей Агеев пен фотосуретші Максим Андрис өнерсүйер қауымның назарына кескіндеме, акварель әдісімен салынған 100-ге жуық туынды ұсынды. Олар бұрын техникалық қызмет көрсеткен станцияны жөндеп қабырғаларын түрлі суреттерге толтырған. Қылқалам шеберлері қараусыз қалған нысанды көрме алаңына айналдыру үшін тоғыз ай бойы тер төгіпті. Екі басты құбыжық кейпінде көрермен алдына шыққан туынды авторлары: «Суреттер қаржы қыспаққа алған жылы салынды” - дейді. Павлодарлық өнерсүйер қауым суретшілердің еңбегіне оң баға берді.

Федор Ковалев, Павлодар қаласының тұрғыны:

- Мұндай көрме Павлодарда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Өнерсүйер қауым үшін бұл күтпеген сый. Себебі, авангард жанрында салынған сурет көрмесі Орталық Азияда бұрын болмаған. Білуімше, Санкт-Петербург пен Мәскеу тұрғындары да мұндайды көптен бері көрген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде